Бәләд сүресі бір оқиғаның куәгері болған тұтас қала халқы туралы айтса, ал Насыр сүресінде Құдайды мадақтауға жиналған тобыр туралы жазылған.
Жоқ, осы (Мекке) қаласына ант етемін; (Мұхаммед Ғ.С.) сен осы қалада тұрасың.
Бәләд 90:1-2
Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде; Адамдардың, Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Алла, тәубені өте қабыл етуші.
Наср 110:1-3
Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімнен қайта тірлгеннен кейін тура 50 күн өткен соң, Бәләд және Наср сүрелерінде айтылған пайғамбарлық орындалды. Сол қала Иерусалим еді, ал оның куәгерлері Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттері еркін азаматтар болды, бірақ Құдайдың Рухы сол тобырға мейрамдауды, мадақтауды және кешірім беруді әкелді. Сол күннің оқиғасын бүгін де бастан өткізуге болады; сол ерекше күннің оқиғасымен танысқаннан кейін, ол туралы көбірек білетін боламыз.
Иса Мәсіх (ғ.с.) құтқарылу мейрамы күні айқышқа шегеленді, ал жексенбі күні өлімнен қайта тірілді. Өлімді жеңіп шыққан ол енді қабылдай алатын қалаған адамға өмір сыйлай алады. Қайта тірілгеннен кейін олардың көздері анық жету үшін қырық күн бойы шәкірттеріне көрініп жүрді, содан кейін көкке көтеріліп кетті. Ал оның алдында ол қоштасып тұрып былай деді:
Иса қастарына таяу келіп, былай деді: «Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген! Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының
атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын! .
Матай 28:18-20
Ол шәкірттерімен үнемі бірге боламын деп уәде берді, бірақ көп ұзамай көкке көтеріліп кетті. Егер ол көкке көтеріліп кетсе, онда ол олармен және бізбен қалай бірге бола алады?
Жауап сәл кейінірек орын алатын оқиғада жатыр. Тұтқындалар алдындағы кешкі аста Иса Мәсіх (ғ.с.) Қамақоршыларың келеді деп уәде берді. Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімнен қайта тірілгеніне 50 күн, ал көкке көтерілгеннен кейін он күн өткенде сол уәдесі орындалды. Ол күн елуінші күн деп аталады және ол үнемі жексенбіге сәйкес келеді. Ол өте ерекше оқиғасымен танымал; Құдайдың сол нышан-белгісі және қонған батасы, қай жерде қалай орын алғанымен де ерекше.
Елуінші күннің оқиғасы
Егер сізге елуінші күн оқиғасы таныс болса, онда сол күні Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттеріне Киелі Рухтың қонғанын да білетін шығарсыз. Ол оқиғалар Елшілердің істері 2-ші тарауда жазылған. Құдайдың Рухы сол күні Иса Мәсіхтің (ғ.с.) 120 шәкіртіне қонды және олар әлемдегі барлық тілдерде сөйлей бастады. Бұл оқиға халықты таң қалдырғаны сондай, бүкіл Иерусалим жұрты не болып жатқан көру үшін сол жерге жиналды. Сол көп халықтың алдында Петір уағыз айтты, онда «үш мыңдай адам шәкірттерге қосылды» (Ел. істері 2:41). Елуінші күннің оқиғасынан кейін ізгі хабарды қабылдаушылар саны күрт өсіп кетті.
Осы оқиға Мәсіх өлімнен қайта тірілгеннен кейін елуінші күні орын алды. Сол 50 күн ішінде шәкірттері Мәсіхтің өлімнен қайта тірілгеніне көздерін анық жеткізулері керек болды. Ал елуінші күні олар тарихты өзгертіп, көпшіліктің алдында соны ресми жариялады. Сіз оның өлімнен қайта тірілгеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе бәрібір, сіздің өміріңізге сол елуінші күн ықпал етеді.
Елуінші күнді түсінуге берілген нәрсе дұрыс, бірақ жан-жақты емес. Көпшілік сол оқиғаның өз басында жеке болғанын қалайды. Исаның (ғ.с.) алғашқы шәкірттері «Киелі Рухтың сыйын» күткендіктен қабылдады, қазіргі біздің заманымыздағы сенушілер Киелі Рухтың жер бетіне тағы да келеді деп үміттенеді. Осылай ойлаудың негізі оны күтіп және үздіксіз дұға еткендіктен, Киелі Рухтың сол күні келуіне себепкер болды дейді. Бірақ біз сол елуінші күннің Елшілердің істері екінші тараудағы оқиға дәл қай күні болғанын естен шығарып аламыз, өйткені ол тарихтағы бірінші елуінші күн емес еді.
Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Таураттағы елуінші күн
Б.з.д 1500жыл бұрын Мұса пайғамбар (ғ.с.) жыл ішінде тойланатын бірнеше мейрамды бекітті. Яһуди күнтізбесінде құтқарылу мейрамы бірінші орында тұрды; Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегеленгені дәл сол құтқарылу мейрамы күні орын алды. Оның өлген күні құтқарылу мейрамына арналған тоқтыны құрбандыққа шалатын күнмен сәйкес келді, ол үлкен нышан-белгі еді.
Кезек бойынша екінші тойланатын нәрсе, алғашқы өнім мейрамы болды, дәл сол мейрам күні Мәсіх өлімнен қайта тіріледі. Оның өлімнен қайта тірілуі алғашқы өнім мейрам күні болғаны, оның артынан ерушілер де кейінірек өлімен қайта тірілетінін көрсетеді. Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуі пайғамбарлықта айтылғандай анық өнім мейрамы болып тұр.
Алғашқы өнім мейрамнан кейін тура елу күн өткен соң яһудилер елуінші күн мейрамын тойлайды. Басқадай айтқанда – апта мейрамы, (құтқарылу мейрамынан кейін тура жеті апта). Яһудилер Иса Мәсіх (ғ.с.) келгенге дейін 1500 жыл бойы сол мейрамды үздіксіз орындап келді. Иерусалим қаласына Петір өз уағызын айтатын сол күні көп адамның жиналған себебі, сол елуінші күн мейерамы болатын. Еврейлер осы күнге дейін Елуінші күн мейрамын тойлайды, бірақ ол қазір Шавуот деп аталады.
Таураттан біз елуінші күннің қалай тойланатынын оқи аламыз:
Осылай жетінші демалыс күні өтіп, елуінші күн басталғанда Жаратқан Иеге жаңа өнімнен астық тартуын алып келіңдер. Тұрған мекендеріңнен алғашқы өнімнің әрі-бері тербеп ұсынылатын тартуы ретінде пұттың оннан екісіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнынан ашытқы қосылып пісірілген екі бөлке нанды алып, Жаратқан Иеге ұсыныңдар.
Леуіліктер 23:16-17
Елуінші күннің дәлдігі: Құдайдың нышан-белгісі
Елуінші күн мейрамы дәл белгіленген уақытта өткізіледі, өйткені Тауратта жазылған елуінші күн мейрамы да дәл сол күнге белгіленген. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегеленген күні Құтқарылу мейрамына, ал жексенбі қайта тірілген күні – алғашқы өнім мейрамына және Киелі Рухтың жерге келуі Елуінші мейрамға дәл сәйкес келіп тұр. Тарихтағы ұлы үш оқиғаның осындай дәлдікпен орын алуы, Құдайдың нышан-белгісіне нұсқайды. Бір жылда 365 күн бар, солай болса да Исаның (ғ.с.) айқышқа шегленуі, артынан өлімнен қайта тірілуі және жер бетіне Киелі Рухтың келуі дәл сол Тауратта жазылған үш мейраммен қалай дәл сәйкес түсті? Ойға келетін нәрсе осылардың артында Құдайдың ұлы жоспары тұр.
Елуінші күн: қамқоршы жаңа қуат береді
Киелі Рухтың жер бетіне келгенін өз уағызында Петір Жоел пайғамбардың (ғ.с.) Киелі Рух барлық халықтарға қонатын болады деген болжамына негіздеп түсіндірді. Сол пайғамбарлық болжам дәл елуінші күн мейрамы кезінде орын алды.
Пайғамбарлар бізді күнәға итермелейтін рухани шөліміздің табиғатын ашып көрсеткенін біз қарастырдық. Сондай-ақ пайғамбарлар тек тасқа қашалған Көне келісім емес, сонымен бірге біздің жүрегімізге жазылатын Жаңа келісім болатынын да болжады. Тек жүрегімізге жазылған заңға ғана бағынып, күш алып соны орындай аламыз. Елуінші күні жер бетіне келген Киелі Рух сенушілерге күш береді, сөйтіп сол пайғамбарлық сөздер орындалады.
Інжілді ізгі хабар деп те атайтын бір себебі, ол адамға жақсы және ақылды боп басқа өмір сүру үшін жаңа күш береді. Өмір Құдай мен адам арасындағы одақ. Ол одақ біздің ішімзде орын алған Елшілердің істері 2 тарауда жазылған, Елуінші күні жер бетіне келген Киелі Рухтың жұмысмен ғана іске асады. «Ізгі хабар» басқа өлшемде, яғни Киелі Рухтың көмегімен Құдаймен тату өмір сүруге болатынын көрсетеді. Киелі кітапта былай делінген:
Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі. Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз. Осылай Тәңір Иенің керемет ұлылығы мадақталмақ .
Ефестіктер 1:13-14
Өлімнен Иса Мәсіхті қайта тірілткен Құдайдың Киелі Рухы өмірлеріңнен орын алды. Сондықтан Құдай бойларыңда тұратын Өзінің Киелі Рухы арқылы сендердің денелеріңді де өлімнен тірілтіп алатын болады .
Римдіктер 8:11
Бірақ ол ғана емес, Құдайдың алғашқы сыйы ретінде Киелі Рухты қабылдаған біз де іштей ыңқылдай күрсіне отырып, Құдай бізді рухани баласы ретінде Өзіне алатын, осылай тәнімізді өткіншіліктен азат ететін күнді сағына күтудеміз .
Римдіктер 8:23
Киелі Рухтың жұмысы – ол да алғашқы өнім, өйткені Киелі Рухтың көмегімен ғана біз «Құдайдың балалары» аталамыз.
Інжіл бізді, Заңды орындауғы тырысып, немесе Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) бос әурешелік деп атаған – жердің құндылықтары, байлық, билік, мансап, т.б. ұмтылмай, ішіміздегі Киелі Рухтың жетелеуімен толық қанды өмір сүруге шақырады. Егер бізді Құдай Өз күшімен қуаттандырса, онда оның артында міндетті түрде «Ізгі хабар» тұрғанын көрсетеді. Таураттағы Елуінші күнді тойлау ашытқысыз нан жеумен ерекшеленсе, кейінгі Елуінші күн өміріміздегі толық мағыналы өмірмен ерекшеленеді. Көне және жаңа Елуінші күн мейрамындағы оқиғалар, біздің рақымға толы өмірімізге Құдайдың Өзі күш беріп отырғанның айқын көрінісі.